ҚАЗАҚСТАНДА ПІТІР САДАҚА 200 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ
Биыл Қазақстанда пітір садақа әр адам басына 200 теңге болып бекітілді. Бұл туралы бүгін «Bnews.kz» студиясында өткен брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.
«Пітір садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Биыл пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді», - деді имам.
Рамазан айында қалталы, күн көрісі өзі мен отбасына толық жететін, кәсібі бар әр мұсылман өзі және отбасындағы кәмелеттік жасқа толмаған, жеке отбасы құрмаған жанұя мүшелері үшін пітір садақа беруге міндетті. Өйткені, «пітір садақа беру кімдерге уәжіп?» дегенде, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «(Пітір) Садақаны беру қалталы адамдарға міндеттеледі», - деген. Яғни, «Алла елшісі құрмадан бір саъ немесе арпадан бір саъ пітір садақа етіп беруді, мұсылман құл мен азат кісіге, әйел мен еркекке, үлкен мен кішіге парыз етті. Және оны айт намазына шықпай тұрып беруді бұйырған».
Пітір садақа, алдымен, оразада жіберіп алған кемшіліктеріміз үшін, сонымен қатар, тұрмысы нашар отбасыларға көмектесу үшін беріледі.