«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ӨНІМІН ПАЙДАЛАНБАҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Облыстың оңтүстік аудандарындағы бірнеше өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен кездесті.
Алдымен Асқар Жұмағалиев пен облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі кентіндегі холдингтің еншілес кәсіпорыны «Уранэнерго» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл мекеме 9 кен орнын 11 қосалқы станция арқылы электр қуатымен қамтып отыр. Өткен жылы күн сәулесінен энергия алатын қондырғы орнатқан. Мұнда сағатына 250 кв/сағат энергия алынады. Мұнан соң «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС және «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-не қарасты нысандарды аралады. Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев журналистерге сұхбат берді.
- Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында 2015-2016 жылдары 9,5 млрд теңгеге жергілікті кәсіпорындардан химиялық реагент (күкірт қышқылы), полимер құбырлар және басқа да өнімдерді сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған байланысты Қызылорда облысы әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Қуаныштысы, бізге қажетті өнімнің барлығы Қызылорданың өзінде өндіріледі екен, - деді А.Жұмағалиев.
«Семізбай-U» ЖШС-гі жер асты шаймалау әдісімен уран өндіреді. Аталған мекеменің жұмысымен танысқаннан соң қос тарап өңірдегі уран өндіруші кәсіпорындардың даму болашағы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы қазақстандық үлесті арттыру мәселесі сөз болды.
Ұлттық атом компаниясының басшысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауытының да жұмысын көрді. Жылына 500 мың тонна күкірт өндіретін зауыттың ТМД елдерінде баламасы жоқ. Зауыт «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарын кеніштердегі уран өндіру үдерісінде негізгі реагент саналатын күкірт қышқылымен қамтамасыз етіп келеді. Мұнда қызмет ететін 300-ге жуық жұмысшының 90 пайыздан астамы жергілікті тұрғындар. Сапар барысында қос тарап өндірісті өркендетіп, тұрақты жұмыс орнын сақтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуін қамтамасыз етуде бірге жұмыс жасайтын болып келісті.