АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мәселелеріне арналған облыстық семинар болып өтті. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи қатысты.
Сонымен бірге, семинарға облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, ғалымдар, толеранттылық клубтарын құрған мектептердің директорлары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Семинарды облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы ашып, аймақта этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған игі істер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығының атқарып отырған жұмыстарына қысқаша тоқталып, семинарға сәттілік тіледі.
Бұдан соң ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи семинарға қатысушыларға арнайы лекция оқыды, олардың барлық сұрақтарына тұшымды әрі толық жауап берді.
Ардагер ұстаз Т.Сейітжанова, облыстық ассамблея жанындағы аналар кеңесі төрайымының орынбасары Н.Мусаева, облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Е.Ким, «Ақтоған» ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы, көпбалалы ана Б.Нәлібаева, «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі С.Қасенова, «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің белсенді мүшесі А.Трынова, «Русская община» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының белсенді мүшесі Т.Шрамкова өз пікірлерін білдірді, атқарып жатқан жұмыстарын орта салды. Аталған семинарда ерекше ойлар, қызықты ұсыныстар айтылды. Екі сағатқа созылған семинарды облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи қорытындылады.
Семинар соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи бірқатар азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалін табыстады.