ЕЛДІ МЕКЕНДЕР КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының облыс аумағынан өтуіне байланысты елді мекендерді газдандыру жобалары әзірленуде.
Бірінші кезекте аудан орталықтарын газдандыру мақсатында «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының құрылысы» жобасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 98 млн. теңге бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған орай өткен жылы облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында 2014 жылы Сексеуіл, Жақсықылыш, Арал, Әйтеке би, Байқоңыр , Төретам елді мекендерін газдандыру қолға алынғалы отыр.