ҚАЗАҚСТАН МЕН МАГАТЭ УРАН БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ
Қазақстан мен МАГАТЭ арасында елімізде аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды 24.kz.
Еске сала кетейік, Қазақстан аумағында ядролық отынды сақтау мәселесі алғаш рет 2009 жылы талқыланған болатын. МАГАТЭ ұйымының бас хатшысы Юкия Аманоның айтуынша, жасалған келісім маңызды жобаның жүзеге асуына септігін тигізеді. Банк атом электр станциясына отын өндіру үшін аз байытылған уранды газ түрінде сақтайтын болады. Мамандардың айтуынша, ол еш радиациялық қауіп төндірмейді.
Атом энергетикасын дамытпақ болған кез келген мемлекет енді отынды Қазақстанға тапсырыс жасап алатын болады. Банк Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургия зауытының маңынан салынады деп жоспарланып отыр.