БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-23, ұйтқуы 25 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Павлодар облысында кей өңірлерінде жел 17-22, кей жерлерде 26 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.