ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» акционерлік қоғамы арасында «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, кәсіпорынның өңірлік филиалдарының жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті. Өз кезегінде, Асқар Жұмағалиев, Қызылорда облысы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясының бастамаларын әрқашан қолдап келеді деп атап өтті.
Қос тарап жергілікті өнім көлемін ұлғайту, еншілес компаниялардың кеңселерін Қызылорда облысына көшіру және Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысындағы бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» балансына беру сияқты бірқатар мәселелерді талқылады. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға, азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігінің деңгейін көтеруге өз септігін тигізетін болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.
Айта кетейік, ертең «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы кәсіпорын филиалдарының жұмысымен танысатын болады.