ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ЖАСТАР!
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» жобасы елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең бөлінісін қамтамасыз етуді, еңбек күші мол өңірлерден кадр тапшылығы сезілетін, түрлі өндіріс орындары мол аймақтарға жас мамандарды тартуды көздейді.
Бүгінде еліміздің мамандарға тапшы 7 өңіріндегі оқу орындарына құжаттар қабылдау жүргізілуде.
Жобаға 2015-2016 оқу жылында 18 ЖОО, 25 арнаулы орта білім беру мекемелері тартылған. Кәсіптік-техникалық мамандықтармен қатар, педагогикалық мамандықтарға да басымдық берілді. ЖОО-лар базасында 69 мамандықта, арнаулы орта оқу орындарында 60 тан астам мамандықта жастарды оқыту қарастырылған.
Осыған орай «Серпін» жобасы бойынша 15-16 маусым күндері Қызылорда облысында кездесулер болады.
15 маусым күні
сағат 10.00-де мектеп бітіруші түлектер мен жұмыссыз жастар үшін жобаның таныстырылымы (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайы);
сағат 12.00-де аймақтағы жұмыс топтары мен штабтар өкілдерімен, жобаға қатысушы оқу орындарының өңірдегі қабылдау комиссия мүшелерімен кездесу өткізіледі (Студенттер сарайы).
сағат 15.00-де жобаның Үйлестіру кеңесі төрағасының қоғамдық қабылдауы (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ №1 оқу ғимараты)
сағат 19.00-де «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирдегі «Өзекжарды» хабарына қатысу (телефон арқылы сауал қою)

Комментарии 1