ҚАЗАҚСТАНДА ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІ "ҚАЗПОШТА" АРҚЫЛЫ САТЫЛА БАСТАДЫ
Қазақстанда теміржол билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қазпошта" АҚ Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының барлық ауданындағы пошта бөлімшелерінде теміржол билеттерін сату жөнінде бірлескен алғашқы жобаны қолға алды.
"Енді ауыл тұрғындары қаладағы темір жол вокзалдарының кассаларына барып жатпай-ақ жақын маңдағы пошта бөлімшесінен пойызға билет сатып алу мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл аяғына дейін теміржол билеттерін сатудың мұндай жаңа қызметі "Қазпоштаның" Қазақстан Республикасындағы барлық бөлімшесіне енгізілмекші.