Г.ӘБДIҚАЛЫҚОВА: ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ АНАЛАРДЫҢ ҰЛАҒАТЫН ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАСЫНА СIҢIРУ БIЗ ҮШIН КӨКЕЙКЕСТI МӘСЕЛЕ
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өтiп жатқан «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова ұлт тарихындағы ұлы аналардың ұлағатын жас ұрпақтың санасына сiңiру көкейкестi мәселе екенiн айтты.
«2015 жылы Елбасының терең саяси шешiмi арқасында бүкiл ел болып атап өтiп жатқан бұл айтулы дата халықтың ұлттық-тарихи санасын тереңдетуге және қазқстандық патриотизмдi күшейтуге кең жол ашады деп ойлаймыз. Қазақ қызын қадiрлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы «Әйел – ошақтың ұйытқысы, алтын бесiктiң иесi, ел болашағы әйел азаматының қолынан өтедi» деген сөзi әрқашан баршамыз үшiн үлкен тағылым. Бұл бiз межелеп отырған мәңгiлiк ел мұраттарының айырықша бiр бастауларының бiрi болып саналады. Қазақ елiнiң Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсында орын тебуi халқымыздың салт-санасы мен дәстүрiне шығыс пен батыстың озық үлгiлерiнiң қатар қалыптасуына септiгiн тигiзгенi мәлiм», - дейдi Г.Әбдiқалықова.
Мемлекеттiк хатшы атап өткендей, көшпендiлер ұғымында тiршiлiктiң бастауын, өмiрдiң жалғасын сабақтастырушы ретiнде әйелдер қауымы ерекше құрмет тұтылған. Оның айтуынша, бiз ұлт танымына, ұлт парасатына, ұлт пәлсапасына өзгенiң емес, өз көзiмiзбен қарайтын кезеңде көтерiлдiк.
«Сондықтан жаугершiлiк замандарда кiрменi өзекке теппеген, кеңестiк кезеңде қуғын-сүргiнге ұшырап, қазақ жерiне айдалып келген ұлттар мен ұлыстарды бауырына басқан, сол арқылы өзiнiң ерекше өмiр сүру салты мен ұлттық дәстүрi, толеранттылықтың үлгiсiн көрсеткен халқымыздың тамаша қасиеттерiн танып, ұлт тарихындағы ұлы аналардың ұлағатын жас ұрпақтың санасына сiңiру бiз үшiн көкейкестi мәселе. Осы ұлт дәстүрi деп аталатын генетикалық кодымыздың бастауы да, жалғастырушысы да әйел аналар екенi ақиқат», - дейдi Мемлекеттiк хатшы.
«Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияны ҚР Президентi жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия, Еуразия ұлттық университетi және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырып отыр. Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттiк органдардың, БҰҰ Даму бағдарламасының өкiлдерi, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен студенттер жиналды.