«ШАТТЫҚ КЕРУЕНІ» ТАҒЫ ДА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Жазғы мектеп демалысының басталуымен бірге аймақта дәстүрлі жыл сайынғы «Шаттық керуені» балалар қайырымдылық акциясы басталды. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бастамасымен Құмкөл кенішін кәсіби игерудің 25 жылдығында басталған акция барысында мұнайшылар жыл сайын облыстың 9 балалар лагерінің барлық ауысымдарына сыйлықтармен барып, балаларды қуантады.
Қазалы ауданындағы жасыл желекке көмкерілген «Шағала» лагері 1957 жылы салынған. Ол Сырдария өзені жағасының 34 гектар аумағында орналасқан. Лагерьдің директоры Берік Әбиевтің айтуы бойынша, жаз мезгілінде мұнда ауданның 700-ге жуық баласы демалады.
Мұнайшылар келген күні мұнда «жаяу көкпар» деп аталатын спорттық жарыс ұйымдастырылды. Халық арасында танымал ұлттық спорттың бұл түрі - балалардың ынта-жігермен ойнайтын ойындарының бірі. Сайыста «Бірлік», «Жігер», «Тұлпар» және «Жеңімпаздар» деп аталатын төрт команда «Көлжан» мұнай компаниясы тағайындаған жүлделерді сарапқа салды. Жеңімпаздарға - скейтбордтар, жүлдегерлерге – радиоқабылдағышы бар МР-3 плейерлері, үстел үстіне қоятын сағаттар мен шамдалдар сыйға берілді.
Жарыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімінде компания менеджері Хұсайын Сәрсембаев балаларды каникулдың басталуымен құттықтап, оларға мықты денсаулық тіледі.
-Демалысымыз көңілді өтуде, - дейді Әйтеке би кентінің №204 орта мектебінің 6 сынып оқушылары Арайлым Ерланқызы мен Нұргүл Әділхан. – Біз мұнда жаңа достар таптық, үйірмелердегі сабақтар біз үшін қызық та пайдалы. «Көлжан» компаниясына сыйлықтары үшін рахмет!
-«Шағалада» демалуды көптен армандап жүр едім, - деп әсерімен бөлісті Сарыбұлақ ауылының №78 мектебінен келген 6 сынып оқушысы Әлихан Насреддин. – Мұнда тамаша, күнде әр түрлі үйірме сабақтарына қатысамыз, суға түсеміз, ән айтамыз, би билейміз, жарыс-ойындарға қатысамыз. Ал бүгін мен «көкпар» эстафетасына қатысып, ерекше жүлде алдым, сол үшін де «Көлжан»-дағы мұнайшы ағаларға рахмет!

* * *
«Шаттық керуені»-нің келесі аялдамасы «Арал аудандық білім бөлімі»-не қарасты, бұрынғы «Арал ұландары» лагері, қазіргі уақытта Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын - ««Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» болып жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме болды.
Аралдықтар өздері жақында ғана қоныстойын атап өткен, ең озық заманауи ғимаратта орналасқан, жыл бойы жұмыс істейтін «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығымен қалай мақтанса да жарасады.
Қамыстыбас көлінің жағасында орналасқан бұл балалар мекемесінде балалардың оқуына, демалуына теңдесі жоқ жағдай жасалған. «Қамбаш» БСҚБО директоры Гүлмира Тәжедидің айтуынша, орталық жаңа жабдықтармен, жиһазбен жарақтандырылған, бес мезгіл тамақтану қамтамасыз етілген, драма және комедия, бейнелеу және сәндік өнер, би және басқа да үйірмелер жұмыс істейді. Балалар игілігіне жаттығу құрылғылары және фитнес залдары, жүзу бассейні, психологиялық орталық, дәрігерлік- және стоматологиялық пункт, әрбір тұрғындар бөлмесінде дербес санитарлық торап пен душ бөлімі жабдықталған. Осы жазда «Қамбаш» лагері қабылдауға жоспарлаған жеті ауысымның әрқайсысында бір мезгілде 150 балаға дейін демалады.
Бұл жолы да құр қол келмеген «Көлжан» мұнай компаниясы тағайындаған жүлделер үшін төрт спорт ұжымы сайысты. Құрама эстафетаның жеңімпаздары - «Олимп» командасының мүшелеріне скейтборд тапсырылды. «Қайрат» құрамасына радиоқабылдағышы бар МР-3 плейерлері, «Супер» ұжымының мүшелеріне – үстелге қоятын сағат, ал «Желаяқ» командасына шамдалдар табыс етілді.
- Бұл Қазақстандағы ең жақсы лагерь, мұнда барлығы бар, - дейді Жақсықылыш аулының №19 мектебінің 9 сынып оқушысы Азамат Сайранов. Біз бүгін эстафетада жеңдік, енді менде скейтборд бар! Керемет! «Көлжан»-ның мұнайшыларына рахмет!
-«Қамбаш»-та барлық жағдай жасалған! – дейді оның сөзін қостап, Арал қаласындағы № 262 мектептің сегізінші сынып оқушысы Айдарбек Карсакбай. – Егер менің қалауыма салса, мен үш ай бойы демалысымды осында өткізер едім. Ал «Көлжан» компаниясына барлығымызға ұнаған сыйлықтары үшін алғыс айтамын!
Тәрбиеші Гүлдана Жұмағұлова Н.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінде мұғалім болып қызмет атқарады.
- Біздің мектеп педагогтарының арасынан он тәрбиеші осы «Қамбаш»-та балалардың демалысын тиімді өткізуге атсалысуда. Бүгін балалар үшін мереке – сыйлықтарын алып біздің демеушілеріміз келді. Сондықтан да мұнайшылар – балалардың ынтыға күтетін қонақтары. Оқушыларымыздың бойынан жарыс кезінде жеңіске жігерленген ерік байқалып тұрды, жалпы балалар спорттық жарыстарға барынша ынталы. «Көлжан» мұнай компаниясына - балаларды қуантуға уақыт тауып, көңіл бөліп, келгендеріне рахмет!
Дастан ДЕМЕСБАЙ