ҚР АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ, ОҢТҮСТІКТЕ ҒАНА - АПТАП ЫСТЫҚ
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағайойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, күндіз Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.