ҚАРАҒАНДЫ ӘУЕЖАЙЫНДА ЖЕРГЕ ОРАЛҒАН ҒАРЫШКЕРЛЕРДІ ҚАРСЫ АЛДЫ
Қарағандының «Сарыарқа» әуежайында Жерге оралған Халықаралық ғарыш стансасы 42/43 экипажының мүшелерін қарсы алды.
Қарағандының әкімі Нұрлан Әубәкіров ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеровты, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Саманта Кристофореттиді және NASA астронавты Терри Вертсты қарсы алды.
«Сіздер орбитада ұзақ уақыт болып, барлық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындадыңыздар. Сіздерді қонақжай Қарағандының жеріне сәтті қонуларыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер»,-деді қала басшысы салтанатты қарсы алу рәсімінде.
Дәстүр бойынша ғарышкерлердің иықтарына қазақтың ұлттық киімі- шапан мен қамзол жабылды. Бұдан басқа кәдесыйлар, атаулы матрешкалар және Байқоңырдың 60 жылдығына шығарылған кітаптар сыйға тартылды.
Өз кезегінде экипаж командирі ерекше сыйлық тапсырды. Халықаралық ғарыш стансасы Жерге қарағандылық әулие Севастиан иконымен оралған.
«Маған ХҒС-қа әулиенің құдіретті күшін жеткізу бақыты бұйырғандығын мақтан тұтамын. Бұл икон каютада 200 тәулік бойы менімен бірге болды, ол мені сақтады. Және бүгінгі аман-есен қонуымызға шапағаты тиді деген ойдамын. Мен өте бақыттымын және иконды сіздерге табыс етемін»,-деді А. Шкаплеров Қарағанды және Шахтинск епархиясының хатшысы Владимир әкейге (Фрейганг) оны беріп жатып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 маусымда астана уақытымен сағат 19.44-те Халықаралық ғарыш стансасының 42/43 экипажы Жезқазған қаласынан 146 шақырым жерде сәтті қонған болатын.
Жарты жылға созылған ғарыштық вахтадан кейін ресейлік Антон Шкаплеров, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Саманта Кристофоретти және американдық Терри Вертст Жерге оралды.
Олар сапар кезінде стансада ғылыми-қолданбалы зерттеу бағдарламаларын толықтай атқарды және екі ресейлік, бір американдық жүк кемелерінің жұмыстарын қамтамасыз етуге қатысты.
Ресей ғарышкері Геннадий Падалка және Михаил Корниенко, сондай-ақ NASA астронавты Скотт Келли вахталық жұмыстар атқару үшін ХҒС бортында қалды.
Ал жаңа экспедиция экипажы Халықаралық ғарыш стансасына 24 шілдеде «Союз ТМА-17М» кемесімен аттанады.