ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ӨЗГЕРДІ
Қызылорда облысында 6 түрлі азық-түлік бағасы арзандап, 10-ының бағасы көтерілді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Алты түрлі азық-түліктің бағасы арзандады. Атап айтқанда, қарақұмық, тауық сандары, өсімдік майы, қант, сиыр еті мен жұмыртқа. Жергілікті нарықта азық-түліктің аталмыш түрлері жетіп артылады, бағаның төмендеуі де содан», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхаммед Сыздықов.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, халық жиі тұтынатын тауарлардың арасында бағасы қымбаттаған азық-түліктер де бар.
«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары тізіміне кіретін отыз үш тауардың онының бағасы көтерілді. Ұн мен вермишельдің бағасы сәл көтеріліп, картоп, қырыққабат пен шайдың бағасы біршама өсті. Сондай-ақ маусым сайын бағасы құбылатын тауарлар бар – қырыққабатпен қатар пияз, сәбіз, қызылша», - деп нақтылады Сыздықов.
Жалпы айтқанда, Қызылорда облысында мамыр айындағы азық-түлік бағаларының индексі жыл басымен салыстырғанда 101,9%-ды құрап отыр.