ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА МҮШЕ БОЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕРДІ 19 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЯҚТАДЫ
Қазақстан 19 жыл өткеннен кейін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу жөніндегі келіссөздерді аяқтады, - деп хабарлайды ДСҰ баспасөз қызметі. Жұмыс тобының мүшелері өзінің 10 маусымдағы отырысында ұйым үшін 20 жылдық қызметінде "ең күрделі сын" болған келіссөз жүргізу процесінің аяқталғаны туралы шешім шығарды.
Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы туралы жобасы 22 маусымда ресми түрде бекітіліп, ДСҰ-ның 161 мүшесі ресми түрде шешім қабылдауы үшін Бас кеңеске жіберіледі. "Мен ДСҰ мүшелері мен Қазақстан Республикасының үкіметін осы тарихи оқиғамен құттықтаймыз - бүгін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздері аяқталды. Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенін тағатсыздана күемін", - деді ұйымның бас директоры Роберту Азеведу.
Баспасөз хабарламасында Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруіндегі күрделілігі мен бірегейлігінің республиканың Еуразиялық экономикалық одағына мүшелігімен байланысты тарифтер туралы келісім жасасудың қажет болғаны деп көрсетілген. Қазақстан ДСҰ-ға кіруге 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруінің нақты мерзімінің республика үшін тиімді жағдайлардың келісілмейінше көрсетілмейтінін хабарлаған болатын.