«БАЙҚОҢЫР» ҒА-НАН ҰШЫРЫЛАТЫН ҒАРЫШ КЕМЕЛЕРІНІҢ ЖАҢА КЕСТЕСІ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ
Роскосмос Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын ғарыш кемелері ұшырылымдарының жаңа кестесін жария етті, деп хабарлайды «Қазғарыш» агенттігінің баспасөз қызметі.
Роскосмостың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Мемлекеттік комиссия 2015 жылдың аяғына дейін Халықаралық ғарыш станциясынан көлік-жүк және ұшқыш басқаратын «Прогресс» және «Союз» кемелері ұшырылымдарының түзетілген жоспар-кестесін мақұлдағаны белгілі болды.
Алдымен 3 шілдеде «Прогресс М-28М» КЖК «Союз-У» ТЗ көмегімен ұшпақ. Онан кейін 23-25 шілде «Союз ТМА-17М» КҰК «Союз-ФГ» ТЗ. Нақты күні кейінірек белгіленетін болады. Ал күздің алғашқы күні, яғни 1 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» КҰК «Союз-ФГ» ТЗ ұшырылмақ. 21 қыркүйек күні «Прогресс М-29М» КЖК «Союз-У» ТЗ кемесімен, 21 қарашада «Прогресс-МС» КЖК «Союз 2.1а» ТЗ жаңартылған ғарыштық «жүк кемесінің» алғашқы ұшырылымы болады. Соңғы ұшырылым 15 желтоқсанда жүзеге аспақ. Бұл күні «Союз ТМА-19М» КҰК («Союз-ФГ» ТЗ) ұшырылымды аяқтайды.
«Прогресс М-27М» жүк кемесі ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылғандығын, алайда штаттан тыс орын алған жағдайға байланысты «Прогресс»ғарыштық жүк кемесінің қалдықтары 9 мамырға қараған түні Тынық мұхитына құлап түскендігін естеріңізге саламыз.