СЫЙЛЫҒЫ БАР ЧЕК ЖИНА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының екінші айдағы айналымы мәресіне жетті.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен мамыр айының қортындысына арналған ұтыс ойынында жеңімпазға теледидар тігілді.
2015 жылдың 1 сәуірінде басталған бұл акцияға қатысушылар саны көбейіп, жұртшылықтың белсенділігі артып келеді. Басталғалы екі айдың ішінде облыс бойынша чекке айырбасталған купон саны – 8584-ке жетті. Сәуір айында - 1512 купон жиналса, мамыр айында - 7072 купон чектерге айырбасталған.
Акцияның жүргізілу барысында барлық аудандар және Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары жақсы ұйымдастырушылық танытты. Мысалы, Жаңақорған ауданы сауда орындарында 5 жинактаушы жәшіктер орнатып, алдыңғы орынды иеленіп отыр, барлығы - 3063 купон жиналған. Қызылорда қаласында - 1586 купон жинақталыпты. Барлық аудандарда бұл көрсеткіш акция жарияланған алғашқы сәуір айымен салыстырғанда біршама жоғарылаған.
Мамыр айында Қызылорда қаласы және барлық аудандарда анықталған жеңімпаздардың купондарын лототронға салу арқылы ұтыс ойыны 9 маусымда өткізілді. Департамент басшысының орынбасары Қалдарбеков Мұса Оспанұлы жиналғандарға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, екінші айналымның қорытынды ойынына жеткен барлық купон жинаушыларға Департаменттің Алғыс хаттарын тапсырды. Акцияның екінші кезеңінің жеңімпазы болып Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғыны Нұрбек Ленара Нұрбекқызы танылды. Бәйгеге тігілген теледидар бұл жолы Қазалы ауданына жол тартты, сәуір айының жеңімпазы Арал ауданынан шыққан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізіліп жатқан «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» жалпы республикалық іс-шарасының негізгі мақсаты:
- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру;
- Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;
- бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;
- көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
- кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру.
Акция өту барысында желтоқсан айына дейін ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған. Аудандық, облыстық және республикалық үш кезең бойынша өтетін акция әр ай сайын бір жеңімпазды купондарды лототрон ойнату жолымен анықтап отырады.
Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы