ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында «Идеялар жәрмеңкесі» өтті.
Жәрмеңке жобаға қатысушылар арасында жеңімпазды анықтау мақсатында ұйымдастырылып, семинарда оқудан өткендер өз бизнес-жоспаларымен таныстырды. Жәрмеңкеге жобаларын қорғаған қатысушылардан бөлек табысты кәсіпкерлер, жастардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері және жас кәсіпкерлер ұсынған ең перспективалы жобаларды анықтау үшін екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері шақырылды.
Идеялар жәрмеңкесін ұйымдастырудан бұрын комиссия семинарға қатысып оқудан өткен 6 үздік бизнес-жоспарларды таңдап алды және бүгін үздіктердің үздігі анықталды. Ең үздік деп Ақтолқын Баймаханованың полимерлі балшықтан және бисер моншақтан әшекей бұйымдар, сувенирлер және басқа да өнім шығару жобасы танылды. «Даму» Қоры АҚ Ақтолқынға жеңімпаз дипломын және естелік сыйлық тапсырды. Ендігі жерде Ақтолқын Баймаханованың жобасы гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатысуға және «Даму» қорының 70% кепілдігі арқылы жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі бар.
- «Жалпы алғанда, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында оқыту Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылып, барлығы 48 академиялық сағат өтеді. Оқу соңында қатысушыларға бизнес-жоспарды жасау мен қорғауды үйретеді. Жобаларын қорғаған қатысушыларға семинарды аяқтағандығы жөнінде сертификат тапсырылады. Жыл басынан бері 18 бен 29 жас аралығындағы 60 жас ерен аталған оқудан өтті», - дейді Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының құзіретті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Анар Қожаниязова.
Шынар БЕКБАН