БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ ПАН ГИ МУН: ДІН АТЫНАН ЖАСАЛҒАН БАРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ШЫНДЫҒЫНДА ДІНГЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС
Діннің атын жамылып жасалған барлық қылмыс шындығында дінге қарсы жасалған қылмыс болып табылады. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі барысында сөз сөйлеген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун осылай мәлімдеді.
«Біз жаһандық кедейшіліктің ақырғы нүктесін қоятын алғашқы, ал ғаламдық жылыну проблемаларын уақытынан оздырып алмай шешуге тиісті буынның соңғысы болып табыламыз. Дей тұрғанымен, біз азаматтық қақтығыстар, терроризм, ұйымдасқан қылмыс, есірткі трафигі секілді, сондай-ақ миллиондаған азаматтардың денсаулығына қатысты үлкен тәуекелдерге де қарсы келіп отырмыз. Бұндай қауіп-қатерлер шекарадан-шекараға көшіп жүр. Интеграция моделі байқалатын көптеген елдерде бөлу саясаты дамып отырғанын да көреміз. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі де, дәстүрлі емес те діндер лидерлері шешуші рөл атқаратыны сөзсіз», - деді Пан Ги Мун.
Бас хатшының айтуынша, бүгінгідей тұрлаусыз заманда діни лидерлер құндылықтарды біріктіруші қызметін атқарып, бейбітшілік орнату, қақтығыстарды тоқтату проблемаларын шешумен байланысты шараларға ерекше назар аудара алады. Бұл ретте Пан Ги Мун ізгілік құндылықтарын қолдау үшін рухани көшбасшылардың диалогы маңызды екенін атап өтті.
«Әлемдік дін лидерлері өзара құрметті түсіне отырып, өздерінің соңынан ергендерге бірігудің шынайы мәнін ұқтыра оқытулары керек. Дін лидерлері өздерінің дінін ұстанушылар құдай атынан қандай да бір қылмыстарға барғанда шетте қалмауға міндетті. Дін атын жамылып жасалып жатқан барлық қылмыстар, шындығында дінге қарсы қылмыстар болып табылады. Сондықтан да мен Сіздердің әрқайсысыңыздың дауыстарыңызды қатты бағалаймын», - деді Пан Ги Мун.