ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МОНОГРАФИЯ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тағы бір туынды жарық көрді. «Қазақ хандығынан – мәңгілік елге» атты жаңа кітап Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Авторлар өз еңбектеріне шығыстық тарихи қолжазбаларды арқау етіп, үш тілде жазып шыққан. Яғни бұл кітапта Қазақ хандығының қалыптасу, өркендеу кезеңдері жан-жақты қамтылған. Осы орайда ғалымдар XV ғасырдан бергі ауқымды тарихи деректерді ортаға салды. Қазақ хандарының дипломатиялық байланыстары туралы ғылыми монографияларын жариялаған. Айта кетейік, елдің маңдайалды ғалымдары бас қосқан алқалы жиынға шет мемлекеттердің арнайы өкілдері де қатысты.
- Бұл ой ақылдасу үшін қажет болды. Сондықтан осы конференцияны ұйымдастырып отырмыз. Бес институционалдық бағдарламасының да бір көзі осы «Мәңгілік ел» концепциясын жасауға арналған. Осы орайда тарихи жолды бағамдап қана қоймай, болашақта не істеуіміз керек деген мәселелерге қатысты саясаткерлер көзімен, ғалымдар көзімен ортаға ой тасталып, жақсы деректер келтіріледі деп ойлаймын, - дейді ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті Уәлихан Қалижанов.