673 КЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПЕДАГОГ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРМАҚ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес 8 маусым мен 3 шілде аралығында 26 инновациялық мектептердің педагогикалық қызметкерлері үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды, деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.
Оқыту курстары педагогикалық шеберлік орталығы филиал базасында өткізіліп, 700-ге жуық педагогтар 11жаңа инновациялық бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттыратын болады. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика, бейнелеу өнері және музыка пәндерінің мұғалімдері және мектеп директорларының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, облыстық аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерінің мамандары дәріс алады. Әр пән бойынша курс тындаушыларына электронды және баспа түрінде оқу-әдістемелік кешен үйлестіріледі. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, барлық курс тындаушыларын белсенділік танытып, аз ғана уақыт ішінде оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге шақырды.
«Білімді қалай дамытамыз? Балаларға біз не бере аламыз? Бұл сұрақтар әрбір мұғалімнің назарында болуы тиіс. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бағдарламасы қазірден бастап өзінің алғашқы жемісін беруде деп айтуға болады. Оған дәлел биылғы жылы ҰБТ қорытындысы бойынша Сыр өңірінің түлектері жақсы нәтиже көрсетіп, орташа бал 81,8 пайызды құрады. Облысымыз үздіктердің қатарынан көрінеді деп үміттенеміз», - деп Рауан Кенжеханұлы семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Барлық педагог қызметкерлерді Ақтау, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Семей, Астана және Қызылорда қалаларының педагогикалық шеберлік орталықтарының тренерлері және орталық базасында оқытылатын білім беру ұйымдарының тренерлер құрамы оқытады. Сонымен қатар курс барысында өңіріміздегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстар жайында дәріс оқып, үштілдік оқытуды мектеп үрдісіне ендіру тәжірибесімен бөлісетін болады. Сондай-ақ, бейнелеу өнері, музыка және информатика пәндерін оқытудың жаңа технологиялары мен сабақта пайдаланылатын жаңа әдіс-тәсілдер жайында ақпарат беріп, мазмұнды тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибені тарату департамент директоры Гүлнар Балғабаеваның айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектептері таңдаулы қазақстандық және халықаралық педагогикалық тәжірибені зерттеу мен ендіру алаңы болып табылады.
«Елбасы есімімен аталатын мектептегі оқу үрдісі жалпы білім беретін мектептердегі оқу үрдісінен ерекшелігі мұнда кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес жаратылыстану-математикалық ғылымдар тереңдетіп оқытылады. Теориялық білімдер практикамен бірге жүреді. Мұның барлығы білім алушының қабілеттін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тәжірибесі мол ұстаздарымыз өз білгендеріен жалпы білім беретін мектеп ұстаздарына таратуға дайын»», - дейді Гүлнар Кәкімқызы.
Айта кетейік, халықаралық тәжірибе негізінде жұмыс істейтін Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өскелең ұрпақты сапалы білім нәрімен сусындандырып қана қоймай жалпы білім беретін мектептерге өз тәжірибесін таратуда. Жыл басынан бері жалпы білім беретін 425 мектеп мұғалімдер мен 56 кітапхана қызметкерлеріне арнап 8 облыстық семинар-тренингтер өткізілді. 4 әдістемелік нұсқаулық шығарылып, халықаралық конференцияға қатысқан 11 баяндама арнайы жинаққа енді.