ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛЕШЕГІНЕ 100 НАҚТЫ ҚАДАМ
9 маусымда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР мәдениет және спорт Министрлігі спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ельсияр Қанағатов өңіріміздің активімен кездесті.
Кездесу барысында Ельсияр Қанағатов ұлттық жоспар барысы - елдігімізді бекемдейтін 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 қадам жөнінде толыққанды мағлұмат берді. Сөзін қорытындылап тұрып, Е.Қанағатов жиналғандарға аталмыш жоспар бойынша ұсыныстарын беруді сұрады. Бұл ұсыныстар ұлттық жоспарды жүзеге асыру жөніндегі комиссияға жөнелтілетінін айтты.
Сонан соң «Рухнаият» қоғамдық Қорының төрағасы Ғабит Тұяқбаев сөз сөйлеп, Елбасының жоспарын қолдайтынын және «100 қадам» аясында ҮЕҰ-дың рөлін күшейтуге ұсыныс берді.
Кездесу соңында қатысушылар сөз алған азаматтарды қолдап, өздерінің ұсыныстарын жолдады. Олар алдымен мектептердегі қазақ және орыс тіліндегі түлектерге грант бөлудегі теңсіздікті қысқартуды ұсынды. Мәселен, қазақ бөліміндегі ҰБТ-дан өткен түлектердің 70 пайызына тек 60 пайыз ғана грант бөлінеді. Е.Қанағатов бұл ұсыныс жауапсыз қалмай, қадағаланатынын жеткізді.
Сонымен қатар, кәсіптік бағдар берудегі шараларды 5-6 сыныптан бастап, қызығушылығымен сәйкес оқытуды сол уақыттан қолға алу керектігі, сондай-ақ, «Жасыл ел» тағдарламасына қатысып, еңбектеніп жүрген жастардың жалақысын көтеру мәселесі және өңіріміздегі туристік инфраструктураны дамыту үшін жоспарланған шараларын жылдамдату ұсыныстары қаралды.
Шынар БЕКБАН