«ПАРЫЗ 2015» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
«Парыз 2015» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы Мемлекет басшысының бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Үміткерлерді іріктеу үрдісінің ашықтығын ұйымдастыру, өтінімдер қабылдауды оңтайландыру мақсатында «Парыз» байқауы екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өтеді. Үміткерлер үшін өңірлік және республикалық деңгейде байқауға қатысу тегін жүргізіледі.
Байқауға қатысуға үміткерлерден өтінімдерді жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия өтінімдерді қараған соң байқау лауреаттары атағын беру жөнінде шешім қабылдайтын республикалық комиссияға жібереді.
Жеңімпаздарды марапаттау ағымдағы жылғы желтоқсан айында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті сақтау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық келісім-шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша өтеді. Байқаудың бас жүлдесі жұмысында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ұжымдық әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларын іске асырған үміткерге беріледі.
Байқау лауреаттары атағы үш санат: шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша табыс етіледі.
Байқау лауреаттары атаққа ие болғаннан кейін үш жыл бойы байқау эмблемасын жарнама мақсатында пайдалану құқығына ие болады.
Айта кетейік, 2008 жылғы қаңтарда Жезқазғанда өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында Мемлекет басшысы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде байқау туралы» Жарлыққа қол қойылғанын мәлімдеді. Содан бергі кезеңде шағын, орта және ірі бизнестің 2,5 мың кәсіпорны байқауға қатысты. Ал 2014 жылы байқауға қатысу туралы республиканың барлық өңірлерінен 584 үміткерден өтінім келіп түскен. Кейбір компаниялар бірнеше номинация бойынша қатысуға материалдарын ұсынды . Салыстырмалы түрде алғанда: 2012 жылы байқауға қатысуға 507, 2013 жылы 534 өтінім түсті.