ЭКСПО-2017 Қазақстанда және әлемде баламалы қуат көзін дамытуға жағдай жасауда
2014 жылдың 18 тамызында Алматыда ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбын ілгерілету және дамыту шеңберінде «Болашақтың энергиясы:энергияны тиімді пайдалану» халықаралық семинары өтті.
Ғылыми қауымдастық өкілдерінің, энергия тиімділігі саласындағы шетелдік мамандардың, сондай-ақ, қазақстандық энергетикалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен семинар көміртектің шығарылуын төмендету және жаңартылатын қуат көздерін дамытуға бағытталған экономиканың түрлі салаларында қуатты үнемдеу және қуат тиімділігі бойынша мемлекеттік саясаттың түрлі шараларын табысты қолдануға басты назар аударды.
Семинар қатысушылары әлемнің көптеген елдерінде қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің маңызды тетіктерінің бірі ретінде ғимараттардың (ескі болсын, жаңа болсын) энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар деп атап өтті, өйткені тұтынылатын қуат көлемінің ең көп пайызы осы ғимараттарды ұстауға және қызмет көрсетуге жұмсалады.
Іс-шарада экологиялық көлік, қуат тиімділігі жоғары құрылыс стандарттары, әлем бойынша шағын жел энергетикалық құрылғыларын дамыту, «Қазақстан – ЕО: 2020» энергетикалық хартиясы аясындағы қуат тиімділігі, қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру саласындағы Қазақстан саясаты мен заңнама негізі мәселелері де талқыланды.
«Астана Экспо-2017» ҰК-ның Көрмені өткізу және көрмеден кейін ЭКСПО нысандарын пайдалану жөніндегі департамент директорының орынбасары Эльмира Ермекова көрмеге дайындық барысы және «Болашақтың энергиясы» тақырыбын зерттеудің аралық нәтижелері туралы айтып берді.
Семинар Экспо-2017-нің тақырыпшаларының біріне – «Қуат тиімділігі жоғары өмір салтына» қолдау көрсету мақсатында өтті. «СО2 шығарылу мөлшерін азайту» және «Баршаға арналған қуат» атты екі өзге тақырыпшаны ілгерілетуге арналған іс-шаралар жылдың соңына дейін Берлин және Астанада өтпек.