АСТАНАДА ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ V СЪЕЗІ ӨТЕДІ
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі ашылады. Екі күнге жалғасатын келелі кеңес «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтеді.
Форум жұмысына 42 елден келген 80-нен астам делегация қатысады. V Съезд аясында екі пленарлық және төрт секциялық отырыс өтеді. Алқалы жиында ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді қамтамасыз ету тетіктерін талқылау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейту, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеру мәселесі де жан-жақты қарастырылады.
Съезге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, сондай-ақ ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО басшылары және өзге де түрлі дін өкілдері мен беделді халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
Еске сала кетсек, Елбасының бастамасымен қолға алынған Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының алғашқы съезі 2003 жылы өткен болатын. Содан бері әр 3 жылда бір рет тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.