BEELINE «МАЙДАНДАСҚА ҚОҢЫРАУ СОҚ» НАУҚАНЫН ӨТКІЗДІ
2015 жылғы 7 мамыр мен 7 маусым аралығында Beeline Қазақстан жыл сайынғы «Майдандасқа қоңырау соқ» республикалық қайырымдылық науқанын өткізді.
ҰОС-ның ардагерлері мен тылдағы еңбекшілерге майдандас достарымен, туыстарымен сөйлесу үшін, дәстүрлі түрде әлемнің кез келген нүктесіне тегін қоңырау соғу мүмкіндігі ұсынылды. Қоңырау соғу мүмкіндіктері Beeline-ның Сату және қызмет көрсету ашық кеңселеріндеберілді. Бұған қоса, науқан шеңберінде облыстардағы Ардагерлер кеңестеріне де Beeline-ның шексіз байланысы бар телефондары бөлінді.
Әдеттегідей, негізгі бағыт Ресей болды, бірақ ТМД елдеріне, Германияға, Италияға және Канадаға көптеген қоңыраулар соғылды.
«Сұрапыл соғыс жылдарының қиындықтарына ерлікпен төзе біліп, болашақ ұрпақтардың бейбіт аспан астында өмір сүру құқығы үшін еңбек сіңірген жандарға қамқорлық танытып, көңіл бөлу әрқайсымыздың міндетіміз. Компания «Майдандасқа қоңырау соқ» науқанын тоғызыншы жыл өткізіп отыр. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын ардагерлеріміз үшін біздің кеңселерге келу қиындап барады, науқанды негізінен тылдағы еңбекшілер мен соғыс балалары пайдалануда. Ал соғыс ардагерлеріне біз Жеңістің 70 жылдығына орай, шексіз мерзімге «Ардагер» қызметін аштық, ол жыл бойы тегін қоңырау соғуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан түгелге жуық қазақстандық ардагерлер Beeline ұсынған «Ардагер» арнайы қызметіне қосылған», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз пікірін білдірді.
Beeline Қазақстан компаниясы ҰОС-ның ардагерлерін қолдау аясында 2013 жылы 4145 қысқа қайырымдылық нөмірін ашқанын естеріңізге саламыз. Осы нөмірге SMS жолдау арқылы жиналған барлық қаражат ардагерлерімізге атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Жоба туралы толығырақ www.sovetveteranov.kz сайтында. Бұдан бөлек, Beeline Қазақстан компаниясы – алты жыл бойы Панфилов дивизиясында болған ардагерлерімізге, өткен жылдан бері «ҰОС ардагерлері, тылдағы еңбекшілер және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ-ның жетекшілері мен еріктілеріне тегін ұялы байланыс қызметін көрсетіп келеді. 2015 жылы «Өмір жолы» республикалық қайырымдылық жобасының шеңберінде Қазақстанда тұратын ҰОС-ның ардагерлері Beeline sim-картасы мен кіріктірілген дабыл батырмасы бар арнайы мобильді құрылғылар алды, оларға 9 мамырда «Ардагер» қызметі қосылды. Сонымен қатар, 2015 жылы компания «Жеңіс» республикалық әлеуметтік жобасына қатысып, ардагерлердің қажеттіліктеріне қайырымдылық қаражатын жинау үшін 1945 қысқа нөмірін ашты.