ЕАЭО АЯСЫНДА БIРЫҢҒАЙ КЕДЕНДIК ТАРИФТIҢ МӨЛШЕРЛЕМЕСI ҚЫСҚАРТЫЛАДЫ
Еуразиялық экономикалық одақ аясында бiрыңғай кедендiк тарифтiң кедендiк мөлшерлемесiн қысқарту жоспарланған. Бұл туралы бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз қызметiнде Мәжiлiс депутаты Нұрлан Жазылбеков айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Президент елдiң экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және әлемнiң 30 дамыған елiнiң қатарына қосуға бағытталған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды» ұсынды. Аталған құжатта салық және кеден саясаты мен рәсiмдерiн оңтайландыру, кеден рәсiмдерiнен өту кезiнде «бiрыңғай терезе» қағидасын енгiзу, кеден және салық жүйесiн бiрiктiру, сондай-ақ «постфактум» кедендiк тазалау тәртiбiн енгiзу мәселелерi көтерiлген. Онда сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 6 таңбалы бiр тектi тауар топтары аясында «0-5-12» үлгiсi бойынша бiрыңғай кедендiк тарифтiң кеден мөлшерлемесiн қысқарту қарастырылады», - дедi депутат.
Оның сөзiнше, қазiргi уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысы аясында мемлекеттер бiрыңғай сыртқы сауда және кеден саясатын жүргiзедi. Осылайша, одақтың кеден аумағында ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасы және бiрыңғай кедендiк тарифi қолданылады.
«Кедендiк әкелу бажының мөлшерлемесiн анықтау құзыретi Еуразиялық экономикалық комиссияға берiлгенiн ескере отырып, бiрыңғай кедендiк тариф пен сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер енгiзу мәселелерiн алқа мен комиссия кеңесi қабылдайды. Қазiргi уақытта бiрыңғай кеден тарифi 0 пайыздан бастап 80 пайызға дейiн, оның iшiнде сыртқы экономикалық қызметi бiрыңғай тауар номенклатурасы 6 және 9 таңбалы деңгейде тауардың әр тектi топтары аясында кеден бажының түрлi ставкасы анықталады. Үкiметте 2015 жылға арналған iс-шаралар жоспарының бiрiншi кезеңiне сәйкес, «0-5-12» үлгiсi бойынша кедендiк баж мөлшерлемесiн қысқарту жоспарланған. Бұл импорт кедендiк баж салығының барлық мөлшерлемесi кедендiк құнның 0, 5 және 12 пайызға дейiнгi деңгейiнде белгiленгенiн болжамдайды», - дедi Н.Жазылбеков.