Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА ӨЗІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯСЫН АЯҚТАҒАН ИСПАНИЯНЫҢ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова өзінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мануэль Ларотча Параданы қабылдады.
Гүлшара Әбдіқалықова Елшіні Испанияның 2015-2016 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтады және испандық тараптың Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерлету жөніндегі науқанға жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді.
Кездесуде 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге негізделген Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың серпінді дамуы атап көрсетілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда испандық біршама компаниялар атап айтқанда: «Тальго» (т/ж саласы), «Индра» (ақпараттық технологиялар), «Максам» (тау кен саласы), «OHL» (инфрақұрылым) табысты жұмыс жүргізуде. Біздің елдер экономикаларының басым секторларын ескере отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің барлық жағдайлары бар.
2014 жылы тауар айналымы 2,74 млрд.АҚШ долларын құрап, 2013 жылғымен салыстырғанда 16,7%-ке артты. Соның ішінде, Қазақстаннан Испанияға экспорт2,36 млрд. долларды, Испаниядан Қазақстанға импорт 378 млн. долларды құрады. 2015 жылдың бірінші тоқсанында екіжақты тауар айналымы 309 млн. долларды, оның ішінде экспорт 258 млн. долларды, импорт 50 млн. долларды құрады.
Гүлшара Әбдіқалықова испандық дипломатиялық миссиясының басшысын екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді. Атап айтсақ, 2014 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының 6-ы отырысы өтті.
2015 жылғы 31 мамырда Ларротча Параданың тікелей қолдауы арқылы Қарлагта тұтқында отырған испандықтарды еске алуға Спасскіде бой көтерген ескерткіштің таныстырылымы өтті. Рәсімге Испаниядан арнайы келген испандық бұрынғы тұтқындар отбасыларының мүшелері және жобаға қатысушылардан тұратын 12 адам қатысты. ҚР СІМ қаржылық қолдауы арқылы халықаралық «Nexos» телерадио хабарларын тарату қауымдастығы түсірген Қазақстан-испандық «Қарағандыда ұмытылғандар» атты деректі фильмі 2014 жылы калифорниялық кинофестивальде үздік деректі фильм ретінде танылып, California Film Awards гауһар сыйлығын иеленді. Аталған фильм сондай-ақ Джакартадағы (Индонезия) кинофестивальде «Үздік еуропалық деректі фильм» номинациясын иеленді.
Кездесу қорытындысында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Испания Елшісіне зор денсаулық және жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі.