Н.НАЗАРБАЕВ АСТАНАНЫҢ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІН» ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков және ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты.
Кеңеске қатысушылар елорданың жасыл аймағын дамытудың аралық қорытындыларын, сондай-ақ оны дамытудың бұдан әрі қадамдарын талқылады. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін жұмыстарды үш негізгі бағытта жүргізу жоспарланды: қазірдің өзінде қалыптасқан аймақтардағы алқаптарда өсімдіктерді тығыздату, қала шетіндегі бос жерлерге орман өсімдіктерін отырғызу, рекреациялық аймақтар құру.
Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеуді» қалыптастыруда үйлестірілген жұмысты қамтамасыз етудің, ғылыми тұрғыларды қолданудың және жаңа технологияларды енгізудің, қала шетіндегі және одан тыс жерлердегі орман өсімдіктері алаптарын бір-біріне қосудың маңызына баса көңіл бөлді.
Кеңес қорытындысымен Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.