МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ҚАЛАМ ТАРТҚАН БІРҚАТАР БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» байқауының нәтижесі шығып, жеңімпаздар марапатталды.
Облыста мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында өткен шараға облыстық, қала және аудандық басылымдардан, телеарналар мен интернет газеттерінен және басқа да сала мамандары қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауға барлығы 25 материал ұсынылып, Қазақстан Жазушылар және журналистер Одағының мүшесі Махмұтбай Әміреев бастаған қазылар алқасы еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту бағытында мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден көрсетілген материалдар мен сайт мақалаларын төрт номинация бойынша сұрыптады.
Байқау жеңімпаздарын Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Айта кетейік марапатталушылардың қатарында облыстық «Кyzylorda-news.kz» интернет газетінің тілшісі Ақнұр Жағыпарова да бар.
Облыстық байқаудан жеңімпаз атанған мақалалар республикалық байқауға жолданды.
Шынар БЕКБАН