ҚЫЗЫЛОРДАДА «АҚНИЕТ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
«Ақниет» арманға қол жеткізген бағдарлама. Әсіресе, ауылдықтар үшін үлкен қолдау болғаны рас. Бұл жерде бір оқпен екі қоян атылды десек артық айтқандық емес. Грант жеңімпаздары өз ісін бастау арқылы ауылдың дамуына да үлес қосуда. Аталған бағдарлама биыл үшінші жыл қатарынан жүзеге асуда.
«ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.» мұнай компаниясы қаржыландыратын «Ақниет» әлеуметтік бағдарламасының 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттарын береді. Алғашқы жылы кәсіп бастауға ниет білдірген 77 жоба жүзеге асса, өткен жылы 97 кәсіпкер өз кәсібін бастады. Бірі шаштараз ашса, енді бірі наубайхана, балабақша, тігін цехы секілді ауылға қажетті қызмет түрлерін көрсетуде.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев жиын барысында бағдарламаның артықшылықтарына тоқталып өтті.
- Бір миллион қайтарымсыз грант ауылдық жерде кәсіп бастауға үлкен көмек болғаны сөзсіз. Әрине, мұндай мүмкіндік сыйлағанына «ЛУКОЙЛ» компаниясына алғысымыз шексіз. Бастысы кәсіпкерлердің жақсы жобалары болса жүзеге асыруына қолдау білдеріміз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
- «ЛУКОЙЛ» компаниясы 20 жылдан бері Қазақстанда табысты жұмыс жасап келеді. Біз қызылордалықтардың қонақжайлығына дән ризамыз. Оның үстіне бағдарламаға белсенді қатысып жатқандардың қатары көп, -деді «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.» мұнай компаниясының қазақстандық филиал директорының орынбасары Владислав Михайлов.
«Әлеуметтік кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», «Қамқор», «Бастама» және «Игілік» деген номинациялар бойынша байқауға мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар қатысып жүр.
Жасыратыны жоқ, ауыл халқына жұмыс тауып беру өңір үшін өткір мәселе. Елдің несібесіне бұйырған бағдарлама осы олқылықтың орнын толтыруы тиіс.
Ауылдан кәсіп таппай сенделген немесе қаржы таппай қиналған талайдың екі қолына бір күрек ұстатқан «Ақниет» бағдарламасын қазір облыстың әрбір тұрғыны жатқа біледі.