ӘКІМДЕРДІҢ МАМЫР АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫС РЕЙТИНГІСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Өткен айда өңір әкімдерінің корпусында қайта тағайыдаулар табысты іске асты. Өңір басшыларының барлығы өз орындарында қалды. Алайда, билік жасап отырған бүгінгі әрекет, негізгі кадрлық өзгерістер әлі алда болатынын айғақтайтындай. Мұны өңір басшылары да жақсы түсінеді, сондықтан олар жұмыс қарқынын әлі де бәсеңдеткен жоқ. Әсіресе, Орталықтың соңғы кездердегі көзқарасын ескерсек, жергілікті билікке аса назар аударылып отырғанын байқаймыз. Сонымен қоса, өңірлерде небір жағдайлар орын алып, жергілікті басшылардың кәсіби дайындығы сынға түсті. Сонымен әкімдердің мамыр айындағы көрсеткіщі қандай? Бұл сұраққа «Саясат-Monitoring» тобымен бірлесе жауап іздеп көрейік. Зерттеуге қатысқан 27 сарапшының қатарында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, саяси технологтар, журналистер бар. Респонденттер берген баға негізінде әкімдердің жұмыс тиімділігі рейтингісі түзілді.
Үздіктер тобы
Мамыр айында өңір басшыларының рейтингісінде көшбасшы позициясын тағы да Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков сақтап қалды. Елордада Президенттің инаугурация рәсімі мен өзге де ауқымды республмкалық шаралар жоғары деңгейде өтті. Көктемнің соңғы айы көптеген аймақтардың мықтылығын сынағаны анық. Осы орайда сарапшылар астаналық коммуналдық мекемелер су алу қауіпін еш қиындықсыз еңсергенін айтады.
Екінші орынға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жайғасты. Әкімдер корпусының ішінде Ахметжан Смағұлұлы өзі басқаратын қаланың ерекшелігіне сай қоғам назарына ең көп ілігетін өкілдердің қатарында. Мұның барлығы әлеуметтік желілер мен ақпарат кеңістігінде кейде біржақты көрініс тауып отыр. Желідегі «теріс» көзқарасқа қарамастан, оңтүстік астананың әкімі өз жұмысын тиімді көрсетіп-ақ келеді. Мәселен, өткен айда қала басшылығы тоқсандық қорытындыны жариялады. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ірі мегаполис барлық көрсеткіштер бойынша оң даму көрсеткіштерін сақтап қалған, бұл кезегінде қала қазынасының шығыс бөлігін ұлғайтуға сеп болды. Сонымен қатар Ахметжан Смағұлұлы қаланы дамытудың 2020 жылға дейінгі Стратегиясын әзірлеуге кіріскендігін де оң нәтиже дейіді сарапашылар. Ал Алматы басшылығының пассивті қоржыны Ұлттық банктің, онымен қоса қаржылық орталық міндетінің Астанаға көшірілу мәселесімен толығып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мамыр айындағы рейтингінің шартты қола медалін иеленді. Өткен айда Асқар Исабекұлының жетекшілігімен бірнеше жаңа өндіріс орындары мен ауылшаруашылық құрылымдары ашылды. Өңір басшысының журналистер және қоғам қайраткерлерімен өткізген кездесуі де сарапшылар назарынан тыс қалған жоқ.
Рейтингтің төртінші позициясына Қызылода облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жайғасты. Ал әкімдердің үздік бестігі қатарын Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин аяқтап отыр.