ҰБТ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ОРТАША КӨРСЕТКІШІ 81,8 БАЛЛ
Ұлттық бірыңғай тесттен биыл қызылордалықтар жақсы көрсеткіш көрсетті. Алдын-ала нәтиже бойынша 81,8 балды құрап отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы аппарат мәжілісінде мәлімдеді.
Өткен жылы орташа көрсеткіш 74,2 балл болған. Биыл 7,6 пайызға жоғарылады. Аудандар арасында ең жоғары нәтижеге 83,5 балмен жалағаштықтар қол жеткізді. Мектептер арасында Қазақ-түрік қыздар лицейінің еншісінде. Аталған мектеп оқушыларының орташа көрсеткіші 109,9 балл. Ең жоғары 123 балды №202 орта мектептің оқушысы жинады. Алтын белгіге 231 оқушы үмітті болған болса, соның 136-сы өз білімдерін дәлелдеді. Өткен жылы екілік бағаны 280 оқушы алса, биыл 109 оқушыны құрады.
– Бұл нәтиженің барлығы алдын-ала есеп бойынша. Нақты қорытынды бір-екі күнде белгілі болады. Салыстырмалы түрде барлық көрсеткіш бойынша өткен жылдармен салыстырғанда жақсарған, - деді облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев ҰБТ сәтті өтуіне атсалысқандардың барлығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта олар арнайы мадақтау қағазымен марапатталатынын жеткізді.