2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2015 жылғы қаңтар-наурыздағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 4435 адам кетіп, облысқа 3456 адам келді, деп хабарлайды облыстық статистика департаменты.
2014 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 18,5%, ал облыстан кеткендер саны 19,5% көбейген. Алыс және жақын шетел мемлекеттерінен 4 адам (2014 жылдың қаңтар-наурызында - 29 адам), республиканың басқа облыстарынан 1348 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1215 адам келген болатын.
Облыстан 2331 адам немесе жалпы көлемнің 52,5% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2014 жылдың қаңтар-наурызында тиісінше 1414 адам немесе 45,7% кеткен болатын). Алыс және жақын шетел мемлекеттеріне көшкендер болған жоқ, ал 2014 жылдың қаңтар-наурызында 10 адам болған болатын. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2015 жылдың қаңтар-наурызында 979 адамға кему қалыптасса, 2014 жылдың қаңтар-наурызына керісінше 180 адамға болған. Облыстың 2104 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2014 жылдың қаңтар-наурызында – 1672 адам).