ҰБТ-НЫҢ 6 КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША 50 БАЛЛДЫҚ ШЕКТІ ДЕҢГЕЙДЕН ТҮЛЕКТЕРДІҢ 81,4% ӨТТІ - ҚР БҒМ
ҚР Білім және ғылым министрлігі республика бойынша 6 күндік ҰБТ-ның есебін жариялады.
«2015 жылғы 2-7 маусым аралығында ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді.Тестілеуге 85856 өтініш бергендердің ішінен 80980 (94,3%) түлек қатысты. Орташа балл - 79,5 құрады. 50 баллдық шекті деңгейден 65947 түлек (81,4%) өтсе, 100 баллдан жоғары нәтижені 14133 (17,5%) түлек алды», делінген хабарламада.
Ал ең жоғарғы ұпай 125 баллды - 5 оқушы: Ердосова Гүлназ Жандосқызы (Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі); Мұстафина Риана Еркінқызы (Астана қ. №59 мектеп-лицейі); Самат Сымбат Куанышқызы (БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі) және Лаура Абдазимова (ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі); Яковлева Анастасия Владимировна (Алматы қ. №90 лицейі) жинады (2014 жылы - 4 түлек).
Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына (www.testcenter.kz) енгізіледі.