ДҮЙСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРШАҚ ЖАУЫП, КҮН КҮРКІРЕЙДІ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфераның фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жауын-шашын болады, деп хабарлады «Қазгидромед» РМК. Нақтырақ айтқанда, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал, тек батыста ғана күн ашық болады.
Жамбыл облысының кей аумақтарда бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғып, жел екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп,15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы да ғажап емес. Сондай ақ, ШҚО-да да бұршақ жауып, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді. Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында, күн күркіреп жел күшейеді. Ақтөбеде де жел 15-20 м/с дейін жетіп, түнде күн күркірейді. Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркіреп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Алматы облысында күндіз күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. ОҚО-да жел екпіні 15-20 м/с-ға жетіп, күн күркірейді. ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт қауіптілі жоғары.