АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТЫНЫҒУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Арай-Sunrize» лагерінде жаз бойы 180 баладан 5 аусым бойынша демалады. Сондай-ақ, «Мансап» республикалық экономикалық ауысымы мен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кубогы үшін өткізілген жарыстың қатысушыларына арналған ауысым жұмыс жасайды. Балғын балалармен облыс әкімі Қ.Көшербаев жүздесіп, жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне сәттілік тіледі.
Мұнда жазғы демалыс басталысымен республикалық экономикалық ауысымда еліміздің 12 аймағынан келген 8-10 сыныптардың оқушылары демалып кетті. Қазір облыстың үздік 180 баласы тынығуда. Айта кетейік, әр жылда лагерьдің жұмысын жүйелеуге «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясы 98 миллион теңге жұмсайды.
- Білімнің дамуы – бүгінгі адамзат өркениетінің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Ал біз үшін білім - Тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың, Елбасы межелеген алғашқы 30 мемлекеттің қатарына қосылудың басты алғышарты. Байқасаңыздар Елбасы белгілеген «Балапан» мен «Болашақ» аралығындағы бағдарламалардың барлығы өскелең ұрпақ үшін жасалып отыр. Сіздер еліміздің асылы арманы мен үкілі үмітісіздер. Сондықтан келер оқу жылына жақсы дайындықпен келу үшін тыңғылықты тынығу қажет. Демалыстарыңызды сәтті өткізуге тілектеспін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, Қызылорда облысында 1-10 сынып аралығында 112571 оқушы болса, соның 93 пайызы биыл жазғы демалыс орындарымен қамтылады.
Облыста балалардың жазғы демалысы қала сыртында, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде, оқушылар үйіндегі дебаттық клубтар мен аула клубтарындағы үйірмелер және спорттық секцияларға қатысу, көркейту-көгалдандыру, құрылыс – жөндеу бригадаларына тарту, тарихи орындарға саяхат формасында ұйымдастырылып келеді. Облыс көлемінде қала сыртындағы 9 лагерь бар. Оқушылар соңғы екі жылдан бері Жаңақорған ауданында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» демалдырылуда. Биыл оның қатарына «Қамбаш» оқу-сауықтыру орталығы қосылып отыр. Екі нысан жыл он екі ай жұмыс жасайды. Яғни, үш ай демалыста балалар тынықса, қалған уақытта оқушылар білімдерін жетілдіреді. Алдағы уақытта лагерьді жыл он екі қызмет көрсетуге жұмыс жасалатын болады.