ХАЛЫҚ САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 3500 АДАМҒА 1 УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙ БӨЛІНГЕН
Бүгінде қалада 79 учаскелік полицей, 19 көмекші жұмыс істейді. Негізі 2300 адамға 1 учаскелік полицейден келуі тиіс болса, халық санына байланысты қазіргі таңда 3500 адамға 1 учаскелік полицей бөлінген. Бұл туралы Қызылорда ОІІД жыл басынан бері атқарған жұмыстарын саралау мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткізген брифингте Қызылорда ОІІД бастығы, полиция полковнигі Жанат Сүлейменов хабарлады.
- Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында облыс басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы транкингтік радиостанциялары және бейнетіркеуіштермен жабдықталған 99 дана «УАЗ» автокөліктері мен «Тойота» базасындағы бір «Авто-Ураган» автокөлігі алынды, - деді департамент басшысы Ж.Сүлейменов. – Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында облыс орталығында 243 бейнекамера орнатылды.
Сонымен қатар айта кету керек, өткен жылы қаладағы қоғамдық көліктің қатысуымен 5 жол апаты орын алды. Апат салдарынан 1 адам қайтыс болып, 5 адам әр түрлі дене жарақатын алды.
Шынар БЕКБАН