ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН САЛЫМШЫЛАР ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРАДЫ
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық табыс есебімен бірге көрсетілген ақпаратты енді ұялы телефон және интернет желісі арқылы қадағалап отырады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында БЖЗҚ Қызылорда облыстық филиал директорының орынбасары Руслан Мұханов хабарлады.
Айтулы жиынды филиал директоры Битөре Жанқожаев ашып, бұқаралық ақпарат өкілдерін қордың соңғы жылы атқарған жұмыс барысымен таныстырды. Оның айтуынша, зейнетақы активтерінің кірісі 2013 жылы 2,2 пайызды құраса, 2014 жылы 6,31 пайызға артқан.
Айта кетейік, қор көрсетілетін қызметтер сапасын халықаралық стандарттар деңгеіне деін көтеру бойынша үздіксіз жұмыстар атқару барысында салымшыларға дербес қызмет көрсету жүйесін дамыту және қордың электрондық желісін кеңейтуді жалғастыруда. Соның аясында интернет желісін пайдалана алмайтын салымшыларға ақпаратты пошта қызметі арқылы алуды ұсынып отыр. Денсаулығына байланысты ақпарат алуға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін керекті ақпаратты олардың сенімді өкілдері ала алады. Ол үшін нотариалды рәсімделген сенімхат арқылы БЖЗҚ мекемесіне келіп, өтініш білдіруге болады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА