ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨНДІРУШІ САЛАЛАРДАҒЫ АШЫҚТЫҚ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР БАСТАЛДЫ
Қызылордада бүгін өндіруші салалардағы ашықтық бастамасы бойынша екі күндік семинар басталды. Мамандардың пайым¬дауын¬ша, мұндай бастамалар елдегі өн¬дірістік салалардағы белсенділік қызметін арт¬тырып, өзара бәсекелестікке түсуіне жол ашпақ. Осы арқылы жұртшылыққа бюджет түсімі айқындалып, тиісті ақпарат беріледі.
Аймақтың ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысқан семинар жұмысы барысында, Алматыдан арнайы шақыртылған қонақ Светлана Ушакова өндіруші салалардағы ашықтық бастамасын жүзеге асыратын негізгі ұстанымдары мен өлшемдерінің 12 деңгейі жайында сөз қозғады.
«Бұл саланың ең басты ерекшелігі жер асты қазбаларын пайдалану саласындағы ашықтықтың пайдасын қарапайым адамдар сезінуі керек. Тікелей араласу арқылы өндіруші компаниялардың жұмыстарының ауқымын, жоспарын, әлеуметтік және экологиялық салаларға бөлетін төлемдерінің көлемін біліп отыруы қажет. Сондай-ақ, өз өлкесінде не болып жатқанынан хабардар болып, дамуына ықпал ете алуы керек», - деді өз сөзінде С.Ушакова.
Айта кетейік, аталмыш бастама қазір бүкіл әлемге, оның ішінде ТМД елдерінде кеңінен жайылып келеді. Ал Азербайжан елінде өндіруші салалардағы барлық келісім-шарттарды жариялау туралы заң қабылданып үлгерді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА