ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙДІҢ ҚЫРАҒЫЛЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАСӨСПІРІМ АМАН ҚАЛДЫ
Ағымдағы жылдың мамыр айында Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Меделхан Абдреймов абайсызда суға құлап, тұншығып жатқан қызды құтқарды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Оқиға 20 мамыры күні түскі сағат 13.00-де орын алған. Аудан орталығында орналасқан Жастар саябағының жанынан өтіп бара жатып, кішкентай балалардың қарбаласа жүгіріп жүргенін байқайды. Дереу сол бағытқа қарай жүгіріп, хауызда жантая су түбіне кетіп бара жатырған сәбидің денесін көреді. Ол еш ойланбастан киімшең суға секіріп түсіп, батып бара жатқан сәбиді сыртқа алып шығады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жасөспірімнің №250 мектеп-лицейінің даярлық тобының шәкірті екендігі анықталды. Жасөспірімнің қал-жағдайы қанағаттарлық деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.