ҰБТ: ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЗІРГЕ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШ 123 БАЛЛ
Қызылорда облысында ҰБТ тапсырған түлектерден ең жоғары балл 123. Әрине, әзірге. Бұл көрсеткішке №136 мектеп оқушысы Аружан Мәдеш қол жеткізді. Ал облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп түлегі Айдын Сейдолла 120, №140 мектеп оқушысы Сандуғаш Сейткамал 119 балл иегері атанды.
Жалпы, облыс бойынша 6452 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Олардың 67 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Түлектердің 227-сі "Алтын белгіге”, 69-ы "Үздік аттестатқа” үміткер, 58-і халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауларына қатысып, жоғары оқу орнының грантын жеңіп алған. Маусым айының 2 жұлдызында аймақтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізетін 9 пункттің 4-уінде, атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы екі және Қармақшы мен Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталықтарында биылғы мектеп бітірушілердің алғашқы легі өз бақтарын сынады. ҰБТ-ның алғашқы легіне облыс бойынша 1669-ы қатысты.
Кеше Ұлттық біріңғай тестілеудің екінші күні Қазақстанда 19329 өтініш бергендердің ішінен тестілеуге 18177 түлек қатысты. Олардың жетеуі тестілеу орталығынан тәртіп бұзғаны үшін шығарылса, 2895-і шектеулік 50 балды жинай алмаған.
Жалпы бір күннің орташа балы еліміз бойынша – 80,5-ті құрап отыр. 100 балдан жоғары нәтижені 3211 (17,7%) түлек алған.
125 балды бір ғана оқушы алды, ол Астана қаласындағы мектеп-лицейдің түлегі - Риана Еркінқызы Мұстафина.
Сонымен қатар, түлектерден тыйым салынған заттар көптеп алынып отыр. Олардың қатарында 4402 ұялы телефон, 4036 шпаргалка, 153 калькулятор, 5 фотоаппарат, 3 рация, 3 гаджет, 1 блютуз, 28 Altel 4G, 43 модем, 5 наушник және 3 смарт-сағат бар.