ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС БОЛЫП ӨТТІ
2015 жылдың 4 маусымында Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиналыс болып өтті. Салтанатты іс-шараны Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник С.Молдақараев ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде: «4 маусым - еліміздің мемлекеттік рәміздерінің күні. Осы күні 1992 жылы мемлекеттік рәміздеріміз бекітілген болатын. Жаһандағы өркениетті мемлекеттердің барлығында өз рәміздері бар. Құдайға шүкір, бұл тұрғыда Қазақстан да өзге елден кем түспейді. Еліміз егемендігінің айғағы ретінде айбарлы Елтаңбамыз, Көк байрақты Туымыз және әуелеген Әнұранымызбен мақтана аламыз. Бұл нышандар арқылы төрткүл дүниеге өзімізді танытып отырмыз. Әнұран, Ту мен Елтаңба - халықпен үзеңгілес қасиетті ұғымдар, ғасырлар бойы халқымызды күйзелткен түнектен кейін көгімізге күн болып көтерілген Тәуелсіздігіміздің басты нышандары. Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Біз Тәуелсіздігіміздің рәміздерін көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар біздің ең киелі құндылықтарымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», - деген еді. Олай болса, мемлекеттік рәміздер - біздің мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан біздің мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тылсым тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды. Міне, сол мемлекеттік рәміздерімізге биыл жиырма үш жыл толып отыр. Жиырма үш жыл ішінде қазақ елі әлемдік деңгейде танылып қана қоймай, абырой тұғыры биіктеді. Қадірменді ағайын, бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміздің абыройы асқақтай берсін!»,-деді.
Аталмыш іс-шараға Қызылорда облысы ТЖД, ҚР ІІМ ТЖК ведомствалық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы бейнесюжет тамашаланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың мемлекеттік саясатын дамыту мен нығайтуға үлес қосқан, қызметтік міндеттерін адал орындаған үлгілі қызметкерлерге «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» кеуде белгісі мен ведомствалық марапаттар табыс етілді. Бұдан соң Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті мамандарына кезекті арнаулы атақтары табыс етілді.
Соңында Қызылорда облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет капитаны А.Сермағамбетова барлық қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оларға табыс, бақыт, берекемен Қазақстанның гүлденуі жолында еңбек етуіне тілектестігін білдірді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы