ЕҚДБ ПРЕЗИДЕНТI: ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КҮРIШI МЕН АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ ТIЛ ҮЙIРЕДI
Бүгiн ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысында Еуропа қайта құру және даму банкi президентi Сэр Сума Чакрабарти Қазақстанның тағамы өте ұнайтынын, әсiресе Қызылорданың күрiшi мен Алматы алмасының дәмi тiл үйiретiнiн айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мен үшiншi рет шетелдiк инвесторлар кеңесiне Президет мырзамен бiрге төрағалық етiп отырмын. Кезектi рет Қазақстанға келгенiме қуаныштымын, өйткенi ел халқы өте қонақжай және тамағы өте дәмдi. Сондықтан бүгiн ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерi талқыға салынатыны қуантады. Жергiлiктi көптеген азық-түлiктiң дәмiн татып көрдiм, Қызылорданың күрiшi, Алматының алмасы, әлбетте, жоғары сапалы ұннан пiсiрiлген нан тiл үйiредi», - дейдi Сэр Сума Чакрабарти.
Оның сөзiнше, Еуропа банкi Қазақстанның ауыл шаруашылығында үлесiн арттырып, бұл секторды жаңғыртуға атсалыспақшы.
Сэр Сума Чакрабарти, сондай-ақ өз сөзiнде Еуропа банкi мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанына тоқталды.
«Бiр жыл бұрын Еуропа банкi мен Қазақстан үкiметi реформаларды нығайтуға бағытталған келiсiмге қол қойды. Бұл серiктестiктiң аясында үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстанға бағыттайтын жыл сайыны инвестиция көлемiн шамамен 18 пайызға арттырдық. Бұл жобалардың барлығы үкiмет жүргiзiп жатқан реформалар аясында жасалды», - дедi ол.
«Кеше ынтымақтастық аясында 4 кредиттiк келiсiмге қол қойдым. Екеуi су шаруашылығын жаңғыртуға, Шымкент пен Ақтөбеде қалдықтарды өңдеуге және Астана әуежайының әлеуетiн өсiруге бағытталған жобалар», - деп толықтырды Еуропа банкi президентi.
Айта кетейiк, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысы өтiп жатыр. Кезекті отырыстың негізгі тақырыбы – Қазақстанда агробизнесті дамыту мәселелері. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары жиналды.