БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОН» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫН ҰШЫРУДЫ 2025 ЖЫЛЫ ТОҚТАТУ ЖОСПАРЛАНУДА
Байқоңырдан «Протон» зымыран тасығышын ұшыруды 2025 жылы тоқтату жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
«Біз «Протон» зымырандарының ұшу көлемін кеміту бойынша қыруар істер атқарып жатырмыз. Біздің қолымызда «Протон» зымыран тасығышының ұшырылымдарын кезең-кезеңімен азайту жөнінде қол қойылған құжат бар. Түптеп келгенде, бұл зымыранды ұшыруды 2025 жылы тоқтату жоспарлануда. Біз бұл мәселеге үлкен маңыз беріп отырмыз», - деп жауап берді ол депутаттың киіктердің қырылуына гептилдің әсері жайында болған сұрағына.
Оның айтуынша, «Протонды» ұшыруды қазір тоқтату мүмкін емес.
«Онда ресейліктер үшін «Бәйтерек» ғарыш кешені тіпті керексіз болады, олар мүлдем кетіп қалады. Себебі қазіргі уақытта «Протон» жерсеріктерін және түрлі ғарыш аппараттарын ғарышқа шығаратын әлемнің ең тиімді зымыран тасығышы болып отыр. Ресейдің әлемде ұшырылым бойынша көшбасшы болуының басты сыры да осында», - деді Т.Мұсабаев.
Комитет басшысы атап өткендей, Қазақстан мен Ресей 11 жыл бұрын «Байқоңырды» гептилмен және амилмен жұмыс істейтін зымыран тасығыштардан босату туралы келісімге қол қойған.
«Қазақстан мен Ресей арасында 2004 жылы қол қойылған «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш кешенін құру жөніндегі бастаманы соңына дейін жеткізу ісі - ең басты мәселелердің бірі», - дейді Т. Мұсабаев. «Ол «Байқоңыр» айлағын гептил мен амил отынын пайдаланатын зымыран тасығыштардан босатуды көздейді. Бұл химиялық заттар адамның денсаулығы үшін, жалпы еліміздің экологиясы үшін өте қауіпті. 2004 жылы 9 қаңтарда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті арасында «Протоннан» толықтай бас тартуға мүмкіндік беретін «Бәйтерек» ғарыш кешенін құру туралы келісімге қол қойылған болатын».