«БӘЙТЕРЕК» ҒАРЫШТЫҚ-ЗЫМЫРАН КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2021 ЖЫЛЫ БАСТАЛАДЫ
«Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің құрылысы 2021 жылы басталады, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық арнасы.
Байқоңырда Қазақстан мен Ресей өкілдерінің қатысуымен жобаны іске асыру бойынша келіссөздер өтті. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Байқоңырда екі ел өкілдерінің қатысуымен жобаны іске асыру бойынша келіссөздер өтті. «Бәйтерек» кешені бойынша келіссөздер белсенді жүруде. Ұйымдастыру және қаржылық мәселелер бойынша бірқатар талқылаулар өтті. Нақты келісімдер туралы алдағы уақытта хабарлайтын боламыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
«Ресейғарыштың» ресми өкілі Игорь Буренков «Қазғарыш» және ресейлік ғарыштық құрылым тарапынан жоба бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын жеткізді. Айта кетсек, «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы келісімдер 2004 жылы басталған. Жоба жүзеге асса, «Байқоңырдан» сұйық отынның улы компоненттерін пайдаланантын «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру тоқтатылады.