ПРОКУРАТУРА АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА
Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Руслан Райхановтың төрағалығымен облыстық прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Кеңес мүшелері, уәкілетті органның басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан отырыс барысында екі мәселе қаралды. Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Айбек Сраилов 2014 жылы қылмыстық іс жүргізуде адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу заңдылығына кеңінен тоқталды.
Нақтыласақ, облыстық прокуратурамен 2014 жылы және 2015 жылдың 1-тоқсанында қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жағдайы, оның ішінде «Полициядағы кезекші прокурор – азаматтардың құқықтарының кепілі» қадағалау жүйесінің іске асырылуына тексеру жүргізіліп, қорытындысымен талдау жасалды.
Қылмыстық процессте заңдылықтың сақталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауының бірден-бір кепілі бұл қылмыстық ізге түсу органдарында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қылмыстық ізге түсу органдарында қылмыстың алдын алу, болдырмау, болған жағдайда сол заматында тиімді, уақытылы шара қолдану мақсатында ашылған «Кезекші прокурор» бөлмесі.
Кеңес отырысы барпысында басқарма прокуроры Руслан Жақсылықов азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде жалақы қарыздарын өндіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы өз баяндамасында таныстырды. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім, бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы халықтық жетістік екені атап өтті.
2014 жылы 35 заңды тұлғаның 9 519 қызметкерлеріне 742,4 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуі қамтамасыз етілсе, үстіміздегі жылдың І тоқсанында 16 ұйымның 3937 қызметкеріне 467 930 815 теңге жалақы қарыздарының төленуіне қол жеткізілді.
Мысалы, азамат Ш.Садықовтың арызы бойынша «Тереңөзек кенті Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында тексеру жүргізген еңбек инспекторы А.Саржанов кәсіпорын басшысымен еңбек заңнамасын бұзу фактілеріне қатысты тиісті шара қолданбай, арыз иесіне сотқа жүгінуді түсіндірген.
Сырдария аудандық прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесімен азамат Ш.Садықовтың бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, еңбек инспекторы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды.
Іс-шара барысында кеңес мүшелері аталған сұрақтарға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.