ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей бөліктерде жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай өңірлерінің кей жерлерінде аптап ыстық болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.