ҰБТ-НЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Еліміз бойынша алғашқы күні 18 889 түлек тест тапсырып, 27 түлек тестілеу талаптарын бұзғандықтан ҰБТ-дан шығарылған, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.
- Республика бойынша 125 балды бір ғана түлек жинап, 3409 оқушы 100-ден жоғары балл алған. Ал, 3478 оқушы шекті деңгейдегі 50 балл жинай алмаған. Айта кетейік, ҰБТ барысында тест тапсырушылардан 3727 ұялы телефонмен, 3894 шпаргалка, 83 калькулятор мен 3 фотоаппарат, 5 рация алынған, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кеше ҰБТ Қызылорда облысында төрт жерде өтті. Қармақшы, Жаңақорған, Сырдария аудандары және Қызылорда қаласының 1669 түлектері және Жалаңтөс Бахадүр атындағы спорт мектебінің 17 оқушысы тапсырды. ҰБТ алғашқы күнінің нәтижесі бойынша Қармақшы ауданы 83,5 пайыз көрсеткішпен алғашқы орынға шықты. Жалпы алғанда өткен жылмен салыстырғанда 80 пайыздан жоғары көрсеткішпен жақсы нәтиже көрсетті. Айта кету керек, бүгін тест орталықтарында Арал, Қазалы, Шиелі аудандары мен Ақай ауылының түлектері тест тапсырды.
Шынар БЕКБАН