ҚЫЗЫЛОРДАДА ЫДЫРЫС ҚАЛИЕВТІҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Сыр өңірінің дамуына өлшеусіз үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ыдырыс Қалиев тоқсанның төріне шықты. Ардагердің мерейтойымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, құрмет көрсетті.
- Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ерлігіңіз жас ұрпаққа ұран болған ел ағасы, қайраткер азаматсыз. Сізді Сыр өңірі жұртшылығының атынан 90 жасқа толу мерейтойыңызбен, мерейлі отбасылық гауһар тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Расында арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың көзі тірісінде тиісінше бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету – азаматтық парыз.
Ол еңбек жолын қарапайым теміржолшыдан бастап, облысты басқару дәрежесіне дейін көтерілді. Қиын жылдардағы қызметтің бар ыстығы мен суығына көніп, талай игі істің жанашыр бастамашысы бола білді. Халқын соңына ертіп, қыруар жұмыстардың ұтымды ұйымдастырылуына ұйытқы болу – нағыз нар тұлғалы азаматқа тән сирек қасиет.
Ыдырыс Қалиұлының жастық шағы аштық пен жоқшылыққа, соғыс кезеңіне тап келді. 1943 жылы әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысы жылдары Ыдырыс Қалиұлы қолына қару алып, қан майданда ерліктің де үлгісін көрсетті. Ел игілігі жолындағы қыруар жұмыста оның ыстық-суығына көнген бүгінгі мерейтой иесі Ыдырыс Қалиұлының еңбегі өлшеусіз. Осындай ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Ыдырыс Қалиұлы «Отан соғысы», 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.
Аймақ басшысы мерейтой иесіне өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты «Қызылорда облысының Құрмет грамотасын» табыстап, иығына шапан жапты.
Салтанатты жиынға еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері - Өмірзақ Озғанбаев, Шөмішбай Сәриев, Бақберген Досмамбетовтер қатысып, жылы лебіздерін білдірді.